Тренинг «БАЛА МЕН АТА-АНА АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС»


    Бұл бағдарлама отбасындағы жақын адамдардың арасындағы қарым-    қатынасты жақсартып, үйлесімділікті орнатуға көмектеседі.

Аталған тренинг ата-аналарға, психологтарға, баламен қарым-қатынасын білуге қызығушылық танытатын кез-келген адамға арналады.

Отбасында бір-біріне ең жақын,ең қымбатты адамдар бірге тұрады.Үнемі бірге тұрғандықтан күнделікті қарым-қатынаста тіл табысу да,келіспеушіліктің, қақтығыстың болуы табиғи нәрсе. «Үй болған соң ыдыс-табақ сылдырамай тұрмайды» деген мәтел сөз де текке айтылмаса керек. Дегенмен, сол ренішті шиеленістірмей, жеңіл шешіп,бір-бірін түсініп,бір-біріне қолдау көрсету – отбасы үшін маңызды мәселе.  Бағдарламаның бағыты-- балаға да, ата-анаға да диагностика жасау арқылы үйлесімді қарым-қатынас орнату.Отбасындағы  бала мен ата-ана арасындағы келіспеушілік пен қақтығыстың болуы  әр түрлі көзқарастағы адамдардың, яғни отбасы мүшелерінің қарым-қатынасынан байқалады. Ата-ана тарапынан «менің айтқанымдай болса екен» деген ой, ал бала тарапынан менің ойымды да тыңдаса, маған еркіндік берсе екен» деген ойдағы әр жастағы адамдардың бір отбасында тіл табысуы оңай нәрсе емес.

   Ендеше,осы бағдарламаға қатысу арқылы өзіңізді, отбасындағы өзіңізге жақын адамдарды түсініп, жағымды қарым-қатынас орнатуға мүмкіндігіңіз бар.

Организатор

ТӘЖІРИБЕЛІК ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПСИХОТЕРАПИЯ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Тренер

Нурпейсова Ляззат Калхабековна

Дата проведения

26.05.2017

Время проведения

26.05.2017ж. /17.00-19.00с/, 27-28.05.2017ж. /10.00-18.00с/

Место проведения

г. Шымкент, ул. Желтоксан 17а-31

Контакты

+7/7252/21-02- 34, ұялы тел.: +7 705 855 52 67, +7 702 509 53 45

Контактное лицо

Ковалева Виктория