«Психосоматикалық өзгерістерге психологиялық түзету жүргізу»


 Аталған тренинг ұзақ мерзімді бір терапиялық, /әр модуль  20 сағаттан тұратын 1,5-2 айда болатын/ бес оқу бағдарламасынан тұрады .  Бұл тренинг психологтарға, дәрігерлерге, өзінің және жақындарының денсаулығын жақсартқысы келетін кез-келген адамға арналады.

Тренингтің мақсаты:адам бойындағы ауру белгісінің психологиялық себебін анықтау, өзінің, жақындарының, көмек сұрай келген науқас адамның өз денсаулығын күтуге, жақсартуға деген мүмкіндігін ашу, оның ішкі күшін табуға көмектесу.

Психосоматика- адамның ішкі дүниесіндегі күйзелістері мен оның адам ағзасына тигізетін әсерін зерттейтін медициналық сала. Науқас адам ауру белгілерін, қалай ауыратынын, әлсіздігі мен қиналыстары туралы айтады да, ішкі күйзелістері, уайым-қайғысы туралы айта бермейді. Адамның денсаулығының болмауын, яғни ауруын медициналық және психологиялық тұрғыдан емдеуге болады. Медициналық жолмен емдеу адам денесіндегі ауру белгісін физиологиялық жолмен емдеу болып табылады. Бұған дәрі ішу, дәріні әр түрлі жолдармен қабылдау, майлау, қыздыру т.б. медициналық жолмен емдеу жатады. Ал адамның өмірінде белгілі бір жағдайға  қатысты уайым-қайғы, ашу-ыза, өкпе-реніштің болуына байланысты да адам әр түрлі ауруға душар болады.  Психосоматика деген сөздің өзі адамның жаны мен тәні деген мағынаны білдіреді. Адам күйзеліске ұшырап, жаны қиналғанда, тәні -- денесі ауырады.. Уайым күшейсе, ауру белгісі де күшейе түседі... Демек, денедегі ауру белгісінің себебін білумен қатар, науқас адамның қасында болып,  психологиялық қолдау көрсету маңызды.

Аталған тренингке қатысу арқылы өз денсаулығыңызды жақсарту мен науқастанған жақыныңызға психологиялық қолдау көрсету жолдарын үйрене  аласыз.

Оқу соңынан «ЕУРАЗИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПСИХОТЕРАПИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ» сертификаты беріледі.

Бағдарламаны жүргізетін маман:

Нурпейсова Ләззат Қалхабекқызы- ҚР Білім беру ісінің үздігі, Тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық  Институтының  аккредитациядан өткен тренері (кәсіби деңгей), жоғары санатты психолог, тәжірибелі психолог, психодрама, арт- терапия, дағдарысқа ұшырағандарға көмек, коучинг, денені бағдарлау психотерапиясы, психосоматикалық өзгерістерге түзету жасау, гештальт-терапия және т.б. психотерапиялық салалардың маманы.

Организатор

ТӘЖІРИБЕЛІК ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПСИХОТЕРАПИЯ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Тренер

Нурпейсова Ләззат Қалхабекқызы

Дата проведения

09.12.2017

Время проведения

9-10.12.17/10.00-18.00

Место проведения

г. Шымкент, ул. Желтоксан, 17 а, офис 31

Контакты

7(7252) 21-01-93, 391-817, факс 21-02-34, 8705 855 52 67

Контактное лицо