«ТӘЖІРИБЕЛІ ПСИХОЛОГ» КУРСЫ


 Курс бағдарламасы:

  • Тәжірибелі психолог қызметінің негізгі бағыттары. Медицина және білім мекемелерінде жұмыс істейтін психолог мамандардың кәсіби принциптері.
  • Психологиялық кеңес беру. Көмек сұрай келген адаммен жұмыс істеудің базалық        дағдылары мен принциптері.
  • Нейро – лингвистикалық бағдарламалау – ақпарат алу моделі.  Адамдармен қарым-қатынасқа түсудің тиімді жолдары. Болашаққа бағдарлама жасау стратегиясы.
  • Отбасына психодиагностика және психокоррекция жасау. Жүйелі отбасылық психотерапия. Отбасы жүйесіндегі ұстанымдар. Бала мен ата-ана, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасқа психодиагностика және психологиялық түзету жасау.
  • Арт – терапия және оның көптүрлілігі. Ертегітерапиясы, сазбалшық-терапиясы, сурет өнері арқылы психодиагностика және психокоррекция жасау.
  • Психодрама. Психодрамалық гештальт. Өмірдегі адамдардың рольдері арасындағы қақтығыстың себептерін түсіну.
  • Гештальттерапия – қарым-қатынас өнері. Қарым-қатынасты бөлу не қорғану механизмі туралы.
  • Психодиагностика жасау . Жеке тұлғаның тұлғалық ерекшеліктеріне, тұлғааралық карым-қатынастарына психодиагностика жасау.
  • Денені бағдарлау психотерапиясы.  Денедегі қысым, әр түрлі жағымсыздықтармен жұмыс істеу.  Денені бағдарлау психотерапиясының базалық техникалары.
  • Психологиялық дағдарысқа ұшырағандарға психотерапиялық көмек. Дағдарыс/күйзеліс/ туралы түсінік және оның түрлері. Дағдарыстан  шығу жолдары. Дағдарыстағы адамға психотерапиялық көмек беру.
  • Эриксондық гипноз. Эриксондық гипноздың базалық техникалары. Транс туралы мағлұмат. Босаңсыту әдістері. Адамның өзін-өзі басқара білуін, стресске төзімділігін дамыту.
  • Клиникалық психология негіздері. Адам бойындағы психологиялық ауытқулар туралы.
  • Психосоматикалық өзгерістерге түзету жасау. Аурудың адам үшін «тиімді» жақтары. Адамның өз бойындағы ауру белгілері туралы қалыптасып қалған түсінігін өзгерту.
  • Білім мекемесіндегі психологиялық қызметтің негізгі бағыттары. Таным процестерін /ойлау, есте сақтау, қиял, зейін т.б./ дамыту.
  • Болашаққа мақсат қою. Футуропрактика.
  • Коучинг. Жеке тұлғаның өзгеру мүмкіндігі.
  • Супервизия. Тәжірибелі психологтың жеке жұмыс істеу стилі.

 

Курсты бітіргендерге

ТӘЖІРИБЕЛІК ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПСИХОТЕРАПИЯ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ

оқыған сағат саны (барлығы 130 академиялық сағат) көрсетілген куәлігі беріледі.

 

Бағдарламаның басталу уақыты: 27.04.2017 ж., сағ. 14.00.   

Бағдарламаны жүргізетін мамандар:

Нұрпейісова Ләззат Қалхабекқызы – ҚР білім беру ісінің үздігі, жоғары санатты психолог, ТППЕИ-ның аккредитациядан өткен ұлттық деңгейдегі тәжірибелі психологы.

 Атаева Жанат Қалназарқызы– ТППЕИ-ның аккредитациядан өткен кәсіби деңгейдегі тәжірибелі психологы.

Организатор

Евразийский Институт практической психологии и психотерапии

Тренер

Нурпейсова Л.К., Атаева Ж.К.

Дата проведения

27.04.2018

Время проведения

14.00 - 17.30 (согласно расписанию)

Место проведения

г.Шымкент

Контакты

+7 7252 210193, +7 705 855 5267

Контактное лицо

Офис-менеджер